Бой сергіту

lat: Boı sergitý

пед. Оқушылардың денсаулығын нығайтып, көңіл күйін көтеруге бағытталған дене жаттығуларын кешенді түрде орындау.

Ұйқыдан тұрғаннан кейінгі бой сергіту әртүрлі органдардың функциялық белсенділігін арттырады, орталық жүйке жүйесін қарекеттік күйге келтіреді (Қаз. тілі термин. Педагогика.).

Бой сергіту - балалар мен жасөспірімдерде гиподинамияның (қозғалыстың аздығы) жағымсыз әсерін азайтудың жетекші амалдарының бірі (Қаз. тілі термин. Педагогика.).